Алматыда барахолка маңындағы ірі өрт ауыздықталды

Бұл туралы Алматы төтенше жағдайлар департаменті хабарлады

Админ
12/08/2023 - 21:19

gov.kz

gov.kz

Алматыдағы қоймалардағы күрделі өрт 12-22-де сөндірілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, өрт сөндірушілер өрттің көрші құрылыстарға таралуына жол бермеді, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Өртті жоюға ТЖД жеке құрамның 120 адамы және 33 бірлік техникасы, сондай-ақ су тасу үшін Алматы қаласының коммуналдық қызметтері мен құтқару қызметінің 7 су тасығышы жұмылдырылды. Өрт орнында ІІМ қызметкерлерінің қатарынан қоршау қойылды.

Айта кетейік, таңғы сағат 7:16 шамасында өрт сөндірушілер Жетісу ауданы Москин, 7В мекенжайына жоғары дәрежедегі шақыртуға шыққан болатын.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07