СҚО су тасқынының екінші толқынына дайын ба?

Петропавл қаласында 1626 үй су астында қалды

Sarbaz.kz редакторы
18/04/2024 - 09:28

Фото: gov.kz

Фото: gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте өңірдегі ахуал туралы мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Спикердің айтуынша, Сергеев су қоймасында аққан судың ең жоғары көрсеткіші 425 см болды. Бірінші толқын өткеннен кейін ол 250 см-ге дейін төмендеді. Қазіргі уақытта екінші толқынның келуіне байланысты су қоймасындағы су деңгейінің жоғарылауы байқалады. Қазір – 265 см.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласындағы жағдай күрделі. Қызылжар ауданының елді мекендерінде және облыс орталығы аудандарының бір бөлігінде су тасқыны болды. Петропавл қаласы бойынша 1626 үй, Қызылжар ауданында 1212 үй су астында қалды.

«Күш пен қаражат жеткілікті. Оның үстіне, бүгін қалқымалы понтондары бар инженерлік әскер көмекке келді», - деп атап өтті спикер.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91