Құтқарылғандар арасында 40 781 бала бар
Елімізде болып жатқан су тасқыны салдарын жою, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралар мен авариялық-құтқару жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні 16 мың адам өз үйлеріне оралды. Ал 6 950 адам, оның ішінде 3 113 бала – эвакуациялау пунктерінде. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомство мәліметінше, жедел шаралардың арқасында ТЖ аймақтарынан тұрғындар мен үй жануарларын эвакуациялау алдын ала жүргізілді. Су тасқыны басталғалы бері барлығы 116 949 адам, оның ішінде 40 781 бала, оның ішінде тартылған әуе кемелерімен 3 878 адам, оның ішінде 1 501 бала құтқарылып, эвакуацияланды. 112 539 ауыл шаруашылық жануарлары қауіпсіз жерге айдалды.
«Аэровизуалды тексеру және дрондарды пайдалану арқылы өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг жүргізілуде.
Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан облыстарында 3 709 тұрғын үй мен 2 475 аула аумағынан су бұрылды. 5 837 жеке тұрғын үй, 1 353 аула аумағы су астында қалуда. 9,8 млн астам текше метр еріген қар суы сорылды, 2,9 млн қапшық және 1,4 млн тонна инертті материал төселді.
Зардап шеккен өңірлерге теміржол, автомобиль көліктерімен және әуе кемелерімен 3 577 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
Жедел желіге түскен 1 857 қоңырау пысықталды. ТЖМ Апаттар медицинысы орталығының психологтары жергілікті жерлерде және жедел желі телефондары арқылы азаматтарға шұғыл психологиялық көмек көрсетуді жалғастыруда», - делінген хабарламада.
Министрлік мәліметінше, су жүрген 81 автожол, су шайған 69 автожол, оның ішінде 10 көпір және 59 жол төсемі бақылауда қалуда. 72 елді мекен көлік қатынасынсыз қалды, оларға қажетті азық-түлік және дәрі-дәрмек қорлары құрылды.
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты Қызылжар ауданының Кустовое, Вагулина, Красноярка, Соколовка, Долматово ауылдарынан алдын ала эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, 27 жеке тұрғын үй су астында қалды. Барлығы 2 465 адам эвакуацияланды, олар эвакуациялау пункттеріне және туыстарының үйлеріне орналастырылды. Сонымен қатар Петропавл қаласының Подгора шағын ауданында 211 жеке тұрғын үй мен бір ғимарат су астында қалды. Тұрғындар алдын ала эвакуацияланды. Есіл өзенінің деңгейіне мониторинг жалғасуда.
Ақтөбе облысында Ырғыз ауданының Құйлыс ауылынан әуе кемесі арқылы алдын ала Ырғыз ауылының уақытша орналастыру пунктіне 96 адам эвакуацияланды және 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді. Құйлыс ауылында Торғай өзенінің жағалауын нығайту жұмыстары жалғасуда. Нұра ауылында 24 жеке тұрғын үй су астында қалды.
Батыс Қазақстан облысында Орал қаласының саяжай алаптарынан алдын ала 40 адам эвакуацияланды, олар туыстарының үйлеріне орналастырылды. Қаратөбе және Казталов аудандарының Қаратөбе және Жалпақтал елді мекендерінен Қалдығайты және Қараөзен өзендері арқылы жүзу құралдарының көмегімен 223 адам тасымалданды. Орал өзенінде қорғаныс бөгеттерін салу, нығайту және су деңгейін бақылау жұмыстары жалғасуда.
Ақмола облысында Жақсы ауданының Есіл ауылында 6 жеке тұрғын үй су астында қалды. Тұрғындар алдын ала эвакуацияланды.
Қостанай облысында Жангелдин ауданының Тәуіш ауылынан Торғай ауылына жүзу құралдары мен тікұшақ көмегімен тұрғындар тасымалданды, 2 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.
Түркістан облысында таулы аудандарда жауын-шашынның мол түсуіне және таудың баурайындағы су ағынына байланысты Бәйдібек ауданының Ақбастау ауылында 17 аула аумағы су астында қалды. Қапшықтарды төсеу, арық жүйесін тазарту және суды бұру жұмыстары жүргізілді. Елді мекенге қауіп жоқ.
Жамбыл облысында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Жамбыл ауданының Жасөркен ауылында 30 аула аумағы мен ғимарат су астында қалды. Су басқан аумақтардан су толық көлемде сорылды, барлығы 7138 текше метр.
Тәулік бойы авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, ҚМ, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың 46 417 адам, 4 351 бірлік техника, 873 су сору және 308 жүзу құралы, 16 әуе кемесі жұмылдырылды.