Мәжіліс: Жүргізуші куәлігі жоқ, бірақ жол ережесін бұзғандар 7 жылға дейін құжат ала алмайды

Қазір олар әкімшілік жазаны өтеп, емтиханды оңай тапсырып, жүргізуші куәлігін ала алады

Sarbaz.kz редакторы
17/04/2024 - 12:23

Фото: Bizmedia.kz / Макаров

Фото: Bizmedia.kz / Макаров

Елімізде жүргізуші куәлігі жоқ, бірақ жол ережесін бұзғандар 7 жылға дейін құжат ала алмайды. Мәжілісте заң жобасы талқыланды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Заң жобасы қабылданғаннан кейін жүргізуші куәлігі жоқ және оны алмай тұрып көлік құралын басқарған, оның ішінде алкоголь немесе есірткі қолданған мас күйінде жауапкершілікке тартылған тұлғалар жеті жылға дейін емтихан тапсыруға жіберілмейді.

Қазіргі таңда олар әкімшілік жазаны өтеп, емтиханды оңай тапсырып, жүргізуші куәлігін ала алады. Осыған ұқсас айыптар бойынша жауапқа тартылған жүргізушілер 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91