«Сәтсіз болды»: Макрон мен Кэмерон Иранның Израильге шабуылына қатысты пікір білдірді

Кэмерон Израиль кек қайтармайды деген үмітін білдірді

Нұрқанат Омарұлы
16/04/2024 - 17:16

Фото: Global Look Press

Фото: Global Look Press

Франция президенті Эммануэль Макрон мен Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Иранның Израильге жасаған соққыларын қатаң сынап, Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуіне жол бермеу үшін тараптарды ұстамдылыққа шақырды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Франция президенті Тегеранның Израильдің Сириядағы Иранның дипломатиялық өкілдігіне қарсы соққысына берген жауабын «пропорционалды емес» деп атады, өйткені Иран еврей мемлекетінің аумағына тікелей шабуыл жасады. Макронның пікірінше, Израиль өзін қорғауға құқылы. Дегенмен, ол Таяу Шығыстағы жағдайдың одан әрі өршуіне жол бермеу үшін тараптарды ұстамдылыққа шақырды.

«Бұл тұрғыда Иран мен Израиль арасында бірнеше қақтығыс болды. Бірнеше күн бұрын Израиль Сирияның Дамаск қаласындағы Иран дипломатиялық және әскери бекінісіне соққы берді. Ирандықтар жауап берді, бірақ олардың жауабы, былайша айтқанда, пропорционалды емес. Өйткені Израильге Израильден тыс жерде соққы берудің орнына, олар Израильді өз жерінде қудалады және бұл бірінші рет болып отыр», - деді Макрон.

Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі, қазір СІМ басшысы Дэвид Кэмерон Иранның шабуылын толықтай сәтсіздікке ұшырағанын айтып, Израиль кек қайтармайды деген үмітін білдірді.

«Шабуыл толығымен дерлік сәтсіз болды және олар (ирандықтар) әлемге аймақ үшін қауіпті екенін көрсетіп, осындай қастандыққа дайын екендіктерін де дәлелдеді. Сондықтан жауап қайтарылмайды деп үміттенеміз, оның орнына әлемнің назары ХАМАС-қа ауысуы керек», - Дэвид Кэмерон.

Айта кетейік, сенбіден жексенбіге қараған түні Иран еврей мемлекетінің аумағына 300-ге жуық дрондар мен зымырандар ұшырды, ал Израиль олардың 99%-ы қағып түсірілді деп мәлімдеді.

Осылайша, Иран Израильге бірінші рет ашық шабуыл жасады. Бұл Израильдің Сириядағы Иран консулдығының ғимаратына жасаған соққысынан кейінгі оқиға.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85