Жер шарынан бар болғаны 2000 жарық жыл қашықтықта орналасқан
Еуропа ғарыш агенттігінің астрономдары Күн жүйесімен көршілес орналасқан алып ойықты тапты. Ғалымдар ғарыштағы бұл ойық кезінде исполин жұлдызы болғанын анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі BBC агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Галактикадағы ең алып ойықтың көлемі Күн жүйесінен 33 есе үлкен екен. Ғарыштағы зерттелген мұндай құбылыстардың бұл ең үлкені.
Ғалымдарды таңғалдырғаны, ғарыштық өлшемдермен есептегенде бұл ойық Жер шарынан бар болғаны 2000 жарық жыл қашықтығында екен, яғни өте жақын орналасқан.
Ал одан жақынырағы Gaia BH1 ойығы екен, ол Жерден 1500 жарық жыл қашықтығында.
«Тура ғаламшарымыздың маңайында осыншама алып ойықтың бар екені ешкімнің үш ұйықтаса түсіне де кірмеген, - дейді таңданысын жасырмаған Париж обсерваториясының астрономы Пасквале Пануццо. – Мұндай тарихи жаңалықты ғылыми карьераңда тек бір рет қана аша аласың».
Бұл ғылыми жаңалықты дәлелдеу үшін жер бетінің әр түкпірінен 300-ден астам ғалым тартылған екен. Жердегі обсерваториядан телескоп арқылы бақылайтын мамандарға көмекке көру диапозонының шегінен асатын мүмкіндігі бар спектрографтар тартылған. Соның арқасында ғана BH3 ойығының массасын анықтау мүмкін болды.
Осыған ұқсас жаңалықтар бұған дейін де ашылған. Тек ол ойықтар біздің галактикамыздан тыс шоғырланған, сондықтан оларды барынша зерттеу мүмкін болған жоқ.
Осыншама алып ойықтардың қалыптасуына қатысты ғалымдар түрлі болжамдар айтады. Бірақ химиялық құрамында сутегі мен гелиден ауыр басқа эллементтер жоқ, металдар кездеспейтін жұлдыздардың құлауынан қалыптасуы әбден мүмкін.
Ғалымдардың айтуынша, мұндай жұлдыздар массасын аз жоғалтады, сондықтан құлағанда алып ойықтың қалыптасуына көп үлесін қосады.
Жалпы алып ойық дегеніміз не?
Алып ойық – оған түскен зат, толқын тіпті жарықтың өзі шығып кете алмайтын гравитациялық күші өте мықты уақыт кеңістігі.
Ойық деп аталғанымен, бұл ғарыштық құбылыстың іші материяға өте бай. Соның әсерінен тартылыс күші де мықты.
Алып ойықтың айналасында оқиғалар кеңістігі деп аталатын аумақ шоғырланған. Бұл кеңістіктегі елеске айналған шекара, яғни «қайтарымсыздық нүктесі», оның кесіп өткеннен кейін кері шығу мүмкін болмайды.