Су тасқынымен күреске 34 мыңнан астам адам жұмылдырылды

ҚР Үкіметі су тасқынымен күрес қарқынын арттыра түсуде

Sarbaz.kz редакторы
16/04/2024 - 13:16

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Фото: ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі

Үкімет Қазақстанның батыс және солтүстік өңірлеріндегі ауқымды су тасқынын болдырмау және оның салдарын жою үшін қажетті күштер мен құралдарды жұмылдырды. Бұл туралы Sarbaz.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарына ТЖМ, Қорғаныс министрлігі, ІІМ, ҰҚК, МКҚ, әкімдіктер мен ұйымдардан тәулік бойы 34 мыңнан астам адам, 4 мыңнан астам техника, 890 сорғы және 335 жүзу құралы, 19 әуе кемесі тартылды. 

«Су тасқыны басталғалы бері Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарына Ақмола, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Түркістан және басқа облыстардан 1 мыңнан астам мамандандырылған техника мен жеке құрам жіберілді. 

Бүгінде зардап шеккен өңірлерге қосымша 500-ден астам арнайы техника жолға шықты. Олар 2 тәулік ішінде жетуге тиіс.

Осы орайда жергілікті жерлерде өзендер мен су айдындарының жанында орналасқан елді мекендерді қызыл судан қорғау бойынша қажетті жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өткен жөн. Қорғаныс құрылыстары мен бөгеттер салынып, еріген қар суын шығару қолға алынып, инертті материал қапшықтар төселуде. 

Аэровизуалды тексеру мен дрондардың көмегімен өзендердегі және су қоймаларындағы жағдайға тәулік бойы мониторинг жүргізілуде», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85