Қауіпсіздік мақсатында Иран билігі осындай қадамға барды
Иран Израильге жасаған шабуылынан кейін «қауіпсіздік мақсатында» ядролық нысандарын жауып тастады. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
МАГАТЭ басшысы Рафаэль Гросси Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Иран үкіметі барлық ядролық нысандарын жексенбі күні «қауіпсіздік мақсатында» жапқанын айтты.
Нысандар дүйсенбіде қайта ашылады деп жоспарланған болатын. Дегенмен, Гросси жағдай «мүлдем тыныш» болғанша инспекторларды кері жібермеу туралы шешім қабылдағанын айтты.
Иран 300-ден астам ұшқышсыз ұшағы мен зымыраны арқылы шабуыл жасағаннан кейін Израиль жауап қайтаруды талқылап отыр. Болжам бойынша, ықтимал сценарийлердің бірі Иранның ядролық нысандарына шабуыл болуы мүмкін.