Израиль Иранға шабуыл жасауға дайындалып отыр

Иранда Израильге қарсы митинг өтті

Sarbaz.kz редакторы
16/04/2024 - 11:19

Фото: Euronews

Фото: Euronews

Израиль Иранның жуырда жасаған шабуылына лайықты жауап беру жолын қарастырып отыр. Ал Батыс елдері Таяу Шығыстағы қақтығыстың одан әрі өршуіне жол бермеуге тырысуда. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Euronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Израиль Иранның зымыранмен жасаған шабуылына жауап береді және оның жолын қарастыру үстінде. Бұл туралы Израиль армиясы Бас штабының басшысы Герци Халеви тоқталып өтіп, Иран мен оның серіктестерінен келетін кез келген қауіпке қарсы тұруға дайын екенін баса айтты.

«Иран өз әрекеттері үшін жауап береді. Біз лайықты жауап беру жолын таңдаймыз. Израиль армиясы кез келген қауіпке қарсы тұруға дайын», - деді IDF штабының басшысы Херци Халеви.

Батыс одақтастары Израильді бірауыздан қолдап қана қоймай, оған Иранның шабуылына тойтарыс беруге көмектесті – АҚШ, Ұлыбритания және Франция әскерилері ондаған ұшқышсыз ұшақтар мен зымырандарды атып түсірді. Сонымен бірге олар Таяу Шығыстағы қақтығыстың өршуіне жол бермеуге тырысуда.

«Америка Құрама Штаттары Израильдің қауіпсіздігіне жауапты. Біз қақтығысты тоқтатып, кепілге алынғандарды үйлеріне қайтаруға және қақтығыстың одан әрі таралуына жол бермеуге міндеттіміз», - деді АҚШ президенті Джо Байден.

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак та Газадағы қақтығысты тоқтатуға шақырды және тағы да «екі мемлекет» құру туралы идеяны жақтады

«Өзге аймақтық серіктестердің демалыс күндергі ауыр шабуылдың алдын алуға көмектескені өте маңызды болды. Бұл Израиль мен оның көршілері арасындағы қарым-қатынастарды қалыпқа келтіруге күш салудың қаншалықты маңызды екенін білдіреді және бұл аймақ үшін үміт сыйлайды», - деді Ұлыбритания премьер-министрі.

Иран үкіметінің жақтаушылары Израильге жақында жасалған шабуылды қолдау үшін Тегеранның орталығында жиналды. Шерушілер Иран мен Палестина туларын желбіретіп, «Израильге өлім!» ұрандарын дауыстап айтты.

Митинг Палестина алаңында, бұрынғы Израиль елшілігінің жанында өтті.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91