Орал түрмесіндегі сотталушылар басқа өңірлерге көшірілді

Тұрғындар жазасын өтеушілердің колоннамен эвакуацияланғаны жөніндегі бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеп, бөлісіп жатыр

Sarbaz.kz редакторы
15/04/2024 - 14:17

Фото: Pexels

Фото: Pexels

Су басу қаупі төнуіне байланысты Орал қаласындағы түзету мекемесінен жазасын өтеушілер көшірілді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Жайық өзенінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты осындай шешім қабылданған.

«№ 27 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер Қазақстанның басқа өңірлеріне эвакуацияланды.  Атап айтқанда, Ақтөбе, Тараз, Шымкент және Қызылордаға көшірілді», - деп хабарлады ведомстводан. 

Сонымен қатар тұрғындар жазасын өтеушілердің колоннамен эвакуацияланғаны жөніндегі бейнежазбаны әлеуметтік желіге жүктеп, бөлісіп жатыр.

Бұған дейін Орал қаласының әкімдігі қауіпті аумақ тұрғындарына көшуге дайын болу керектігін ескерткенін хабарлаған болатынбыз.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85