Қазгидромет: 4 облыста гидрологиялық дабылды ескерту сақталады

Алматы облысында 16 сәуірге дейін қар көшкіні бойынша дабылды ескерту күшінде болады

Sarbaz.kz редакторы
15/04/2024 - 11:14

Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімі баспасөз қызметі

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова елдің 4 өңірінде гидрологиялық дабылды ескерту сақталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

 «4 өңірде гидрологиялық дабылды ескерту сақталады. Алматы облысында 16 сәуірге дейін қар көшкіні бойынша дабылды ескерту күшінде болады. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің деңгейінің көтерілуіне байланысты қарғын судың беткейден су жүруі ықтимал», - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сондай-ақ ол Қостанай облысындағы ахуалға тоқталды.

«Қостанай облысында 17 сәуірге дейін солтүстік және солтүстік батыс өлкелердегі өзендердің деңгейі көтерілу қаупі бар. Жамбыл облысында 16 сәуірге дейін таулы және тау етегіндегі аймақтарда өзендер көтеріліп, беткейлерден су жүруі мүмкін», - деді Алина Ысмағұлова.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85