Тұрғындар 6 сәуірде жоғалып кеткен еді
14 сәуірде Атырау облысының төтенше жағдайлар қызметінің күштері екі мәйіт тапты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
14 сәуір күні сағат 9.00 шамасында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті тұрғындар қайтыс болған ер адамның денесін тапты. Ол 6 сәуірде жоғалып кеткен Құлсары қаласының тұрғыны болып шықты.
Кейінірек тағы бір мәйіт табылғаны белгілі болды.
14 сәуір күні сағат 13.40-та Атырау облысының төтенше жағдайлар қызметі оның үйінен 1 шақырым жерде 2000 жылы туған мәйітті 1,5 метр тереңдіктегі судан алып шықты.