Қазақстан Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына алаңдаулы, деп хабарлайды Sarbaz.kz СІМ-ге сілтеме жасап.
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы шиеленістің күрт нашарлауына байланысты терең алаңдаушылық білдіріп, тараптарды барлық келіспеушіліктерді тек саяси-дипломатиялық жолмен шешу үшін ұстамдылық пен кідіріссіз шаралар қабылдауға шақырады. Қазақстан өңірдегі жағдайды тұрақтандыруға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне өзінің берік қолдауын тағы да атап өтеді, - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін Иран Израильге қарсы 200-ден астам дрон және зымыранмен шабуыл жасады.