Кәмелетке толмағандарға азғындық жасады деген күдікпен Қорғаныс министрлігінің подполковнигі ұсталды

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды

Админ
14/04/2024 - 14:43

pixabay.com

pixabay.com

13 сәуірде Ішкі істер министрлігі Астанада Қарулы Күштердің подполковнигінің ұсталғаны туралы хабарлады. Ол кәмелетке толмағандарға зорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешевтің айтуынша, подполковникке қатысты Қылмыстық кодекстің 124-бабының 2-бөлігі "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 124-бабының 2-бөлігінде ата-анасының немесе басқа да қамқоршысының кәмелетке толмаған адамға қатысты дәл сол әрекеті (кәмелетке толмағандарды азғындық жолға түсіру) жасауы көзделген. Аталған жайт ҚР ІІМ Облыстық әскери тергеу басқармасына тіркелді. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, – деп хабарлады ресми өкіл.

×

Редакция

$ 495.2  522.34  4.94