NYT: Мобилизация салдарынан украиналық жас ұрпақтың жойылып кету қаупі бар

Қазір Украинада 30 жасқа дейінгі жастар өте аз

Админ
14/04/2024 - 13:17

AP Photo

AP Photo

Әскерге шақыру жасын төмендететін жаңа заңның салдарынан Киев украиналық жас ұрпақтың тұтас бір ұрпағын жоғалтып алуы мүмкін, деп хабарлайды Sarbaz.kz New York Times басылымына сілтеме жасап.

Жаңа заңға сәйкес, әскерге шақыру жасы 27-ден 25-ке дейін төмендетілді, бұл әскери қақтығыстардың алдыңғы шебіне 30-ға дейінгі жастар шығады деген сөз.

Ұзақ соғыстан әлсіреген және шаршаған Украина армиясына жаңадан шақырылған адам қажет. Көптеген сарбаздар екі жыл үзіліссіз қызмет етті, ал ондаған мың адам қайтыс болды немесе ауыр жарақат алды. Дегенмен Украина демографиялық дағдарысқа тап болды: елде жас жігіттер аз, бұл армияны толықтыру мүмкіндігін шектеп отыр, – деп жазады басылым.

Бұл демографиялық тапшылық – тарихи оқиғалардың, соның ішінде екі дүниежүзілік соғыстың, Кеңес Одағының ыдырауының және одан кейінгі экономикалық депрессияның нәтижесі. Бала туу көрсеткішінің күрт төмендеуі, халықтың денсаулығының нашарлауы жас жігіттер санының азаюына әкелді.

Президент Владимир Зеленский майдандағы шығынның орнын толтыру үшін әскерге шақыру жасын төмендету туралы қиын шешім қабылдауға мәжбүр болды. Дегенмен бұл шешім украиналықтардың онсыз да аз жас буынын одан әрі азайтуы мүмкін.

Қазіргі украиналық жастардың көбі не әскерде жүр, не басып алынған аумақтарда қалды, не шетелге кетіп қалды.

Украина қиын жағдайда: соғысты жалғастыру үшін елге жаңадан шақырылған адам қажет, бірақ украиналық жас ұрпақтың тұтас бір буынын жоғалу қаупі бар. Ел жаңа сарбаздарды қаншалықты тиімді қабылдап, оқыта алатыны белгісіз, – деп жазады автор.

Тегтер

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4