Иран-Израиль қақтығысы: Қазақстандық бітімгерлердің жағдайы белгілі болды

Жеке құрамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ

Админ
14/04/2024 - 12:46

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрлігі Голан жоталарындағы қазақстандық бітімгерлер туралы айтып берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Голан жоталарында БҰҰ бітімгерлік миссиясын орындап жатқан қазақстандық контингент қалыпты режимде жұмысты жалғастыруда. Жеке құрамның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ, - деп жауап берді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин.

Айта кетейік, бүгін түнде Иран Израильге қарсы 200-ден астам дрон және зымыранмен шабуыл жасады.

Тегтер

×

Редакция

$ 481.84  531.33  5.07