Петропавл тұрғындарын су басқан аудандардан күштеп құтқарып жатыр

Келіспегендердің барлығы сотқа жіберіледі

Админ
14/04/2024 - 12:25

pkzsk.info

pkzsk.info

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық полиция департаментінің басшысы Айдын Қабдулдиновтың есебін тыңдады, деп хабарлайды Sarbaz.kz Petropavlovsk.news сайтына сілтеме жасап.

Роман Скляр мүліктің бүлінуі түзетілетін мәселе екенін және ең бастысы адам шығынын болдырмау екенін атап өтті. Сондықтан су көтерілуіне байланысты эвакуациядан қашатындардың барлығын күштеп шығаруды бұйырды.

Сонымен қатар ол келіспегендердің барлығына құтқарушылар мен полицияның талаптарын орындамағаны үшін әкімшілік сотқа жолдану керектігін айтты, - деп хабарлайды басылым.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91