Ресей Украинаға қарсы соғысқа түрмеде отырған әйелдерді шақыруда – БАҚ

Ресейлік құқық қорғаушылар мен БАҚ өкілдері тұтқын әйелдердің соғысқа тартылып жатқаны туралы хабарлаған болатын

Админ
13/04/2024 - 16:50

Roman Sokolov/TASS/dpa/picture alliance

Roman Sokolov/TASS/dpa/picture alliance

Ресей Қорғаныс министрлігі Украинаға қарсы соғыс жүргізу үшін қосымша адам ресурстарын іздеп, Ресей колонияларындағы әйелдерді белсенді түрде тартуда. Бұл туралы Украинаның Ұлттық қарсыласу орталығына сілтеме жасап dw.com сайты хабарлады.

Бірінші кезекте тұтқын әйелдер арасынан дәрігерлер, мергендер іріктеледі. Сондай-ақ әйелдер қаласа, шабуылдаушы жасақтарға да алынады. Түрмедегі әйелдерге ақша және үйлеріне қайту мүмкіндігі уәде етілген және олардың көпшілігі тірі оралатынына сеніп, ұсынылған шарттармен келісіп жатыр, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Бұған дейін ресейлік құқық қорғаушылар мен БАҚ әйелдерді Украинаға қарсы соғысқа тарту туралы хабарлаған болатын. Мәселен «Русь сидящая» құқық қорғау жобасының негізін қалаушы Ольга Романова Ресей Қорғаныс министрлігінің үгітшілері тұтқын әйелдерді Украинадағы соғысқа жіберу үшін жалдап жатқанын бірнеше рет атап өтті.

Жалпы осындай алғашқы хабарламалар 2023 жылдың көктемінде пайда болды. Ол кезде Романова мен Украина Қарулы Күштерінің Бас штабының мәліметі бойынша, жалдау Украинаның оккупацияланған аумақтарындағы колонияларда жүрген.

Кейіннен әйелдерді соғысқа жаппай тарту Ресей аумағында жүзеге асырыла бастады, – деп атап өтті Романова. 

Айта кетейік, Украина да сарбаз жетіспегендіктен әскерге әйелдерді шақыруға мәжбүр болып жатыр. 

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06