Ресей мен Украина мәйіт алмастырды

Айырбастау Ресей-Украина шекарасында өтті

Sarbaz.kz редакторы
12/04/2024 - 16:52

Фото: Chris McGrath / Getty Images

Фото: Chris McGrath / Getty Images

Украинадағы ұрыс қимылдарында қаза тапқандардың мәйіттерін кезекті айырбастау процесі өтті. Нәтижесінде, Ресей 23, Украина 99 адамның мәйітін қайтарды, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі РБК басылымына сілтеме жасап.

Олардың көпшілігі, яғни 77 адам Донецктегі, 20-сы Запорожьедегі және екеуі Харьковтағы шайқаста қаза тапты, деп хабарлайды Украинаның әскери тұтқындарды мәселесі жөніндегі үйлестіру штабы.

«Украина Қарулы Күштері қаза болғандардың мәйіттері мен қалдықтарын арнайы мемлекеттік мекемелерге жеткізеді. Құқық қорғау органдарының өкілдері мен сот-медициналық сарапшылар зардап шеккендердің жеке басын анықтайды», - делінген штаб таратқан хабарламада.

2023 жылдың тамызында үйлестіру штабының басшысы Юрий Таранюк Ресей тұтқын деп ресми түрде танылған мәйіттерді Украинаға өткізіп жатқанын айтты.

Атап өткендей, айырбастау Ресей-Украина шекарасында өтті. Алдыңғы алмасу аясында 29 наурызда Мәскеу 29, Киев 121 мәйітті қабылдады.

×

Редакция

$ 498.51  522.84  4.81