Қазақстанда заңсыз жүрген Африка елдерінің азаматтары анықталды

Олар көші-қон заңнамасын бұзған

Sarbaz.kz редакторы
12/04/2024 - 16:32

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Қазақстанда заңсыз жүрген Африка азаматтары елден шығарылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 15 азаматы елден шығарылды.

«Аталған шетелдіктер біздің елде болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған. Нақтырақ айтқанда, заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот қаулысымен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Ол бірнеше кезеңмен өтеді», – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85