Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан: 2024 жылға арналған ҰҚШҰ жаттығулары белгіленді

Үш елдің аумағында түрлі жаттығулар өтеді

Sarbaz.kz редакторы
12/04/2024 - 12:52

Фото: РИА Новости

Фото: РИА Новости

ҰҚШҰ-ның бірлескен штабында 2024 жылы ҰҚШҰ әскерлерімен бірлескен оқу-жаттығуларды ұйымдастыру және өткізу бойынша алғашқы келіссөздер өтті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Іс-шара барысында бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу жоспарларының негіздері, тартылған басқарушы органдар мен әскерлердің құрамы, басшылықты ұйымдастыру және жан-жақты қамтамасыз ету мәселелері қаралып, талқыланды.

2024 жылы бірлескен жедел-жауынгерлік дайындықтың негізгі іс-шараларының қатарында мыналар жоспарланған:

  • Қырғыз Республикасының аумағында – ҰҚШҰ Ұжымдық жедел әрекет ету күштерімен «Өзара іс-қимыл-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы, барлау күштері мен құралдарымен «Іздестіру-2024» арнайы оқу-жаттығуы, күштері мен құралдарымен арнайы оқу-жаттығуы, «Эшелон-2024» ҰҚШҰ Әскерлерін (Ұжымдық күштерін) материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
  • Қазақстан Республикасының аумағында – ҰҚШҰ бітімгершілік күштерімен «Мызғымас бауырластық-2024» командалық-штабтық оқу-жаттығуы;
  • Тәжікстан Республикасының аумағында – Орталық Азия өңірінің Ұжымдық жедел әрекет ету күштері қолбасшылығымен жедел жиын және «Рубеж-2024» Орталық Азия жедел әрекет ету күштерінің бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығуы.

Бірлескен жедел және жауынгерлік дайындық іс-шаралары ҰҚШҰ Ұжымдық күштерінің миссияларды бірлесіп орындауға дайындығын қолдау мақсатында ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесі мен Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитеті бекіткен жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91