Прокурорлар уәкілетті орган жер заңнамасын бұзғаны үшін жерді қайтарған
Жетісу облысының прокурорлары Панфилов ауданындағы жалпы ауданы 155 га болатын 114 жер учаскесін мемлекеттік жер қорына қайтарды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Аталған жерлер ұзақ уақыт бойы игерілмеген және нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған. Учаскелердің кадастрлық құны 170 млн теңгеден асады.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган жер заңнамасын бұзғаны үшін жерді мемлекетке қайтарған.
Осы жылдың өткен кезеңінде мемлекетке барлығы 500 млн теңгеден астам сомаға 53 мың га жер қайтарылды.