«Қара нарықтағы» құны 5 млрд теңгеден асады: жыл басынан бері 800 килодан астам есірткі тәркіленді

Есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі шаралар туралы айтылды

Sarbaz.kz редакторы
12/04/2024 - 09:55

Фото: ҚР ҰҚК

Фото: ҚР ҰҚК

2024 жылғы бірінші тоқсанында Ұлттық қауіпсіздік комитеті есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша 53 операция, оның ішінде 16-сын шет мемлекеттердің мүдделі құзыретті органдарымен бірлесе жүргізді. Бұл туралы Sarbaz.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша 18 халықаралық және 9 аймақтық есірткі жеткізу арнасы, сондай-ақ 10 жасырын есірткі зертханасының қызметі жойылды.

«Жалпы айналымнан 800 кг-нан астам есірткі мен психотроптық заттар, 4 тонна көкнәр сабанының шикізаты және синтетикалық есірткі жасау үшін пайдаланылатын 10 тоннадан астам химиялық реагенттер алынды.

Алынған есірткі құны «қара нарықта» 5 млрд теңгеден аса бағаланады, ал айналымға жіберілмеген көлем шамамен 4 млн бір реттік дозаны құрайды.

ҰҚК халықаралық есірткі айналымына қатысы бар деген күдік бойынша 72 Қазақстан азаматы мен шетелдікке қатысты сотқа дейінгі тергеп тексерулер жүргізуде», - делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91