Көлік ұрлауды кәсібіне айналдырған: Алматыда күдікті қолға түсті

Ол 10 көлік ұрлады деген күдікке ілінді

Sarbaz.kz редакторы
11/04/2024 - 16:50

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Алматы полициясы көлік ұрлаумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы полицейлері көлік ұрлаудың 10 дерегінің бетін ашты. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Audi автокөліктерін ұрлауды әдет еткен Жетісу облысының 35 жастағы тумасы ұсталды.

«Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол өз қылмысын мойындады. Ұрланған 6 көлік бүлінбеген күйінде табылды, олар қылмыстық іске заттай айғақ ретінде қосылды, күдіктінің айтуынша, тағы екі көлікті сатып үлгерген. Қазір қалған көліктердің қайда екендігі анықталып жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасарының міндетін атқарушы Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Тегтер

×

Редакция

$ 478.58  520.84  5.44