Оқиға 1 сәуір күні болған
Су тасқынына қарсы іс-шаралар барысында құтқарушы – Батырбек Капсиковке мас ер адам шабуыл жасап, кеуде тұсына екі мәрте пышақ сұғып алған. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері емделіп, ауруханадан аман-есен шықты, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
26 жастағы құтқарушының жағдайы тұрақты. Қазіргі уақытта оның жағдайы жақсарып, дәрігерлердің бақылауында, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Құтқарушыға шабуыл жасаған батысқазақстандық екі айға қамауға алынды. 31 жастағы ер адамға ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабы «Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерінің өміріне қол сұғу» бойынша айып тағылды. Төтенше жағдайда бұл бап бойынша ол 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуыл жасаған адам мас болған. Қылмыс болған жерден полиция қызметкерлері суық қаруды (пышақ) тапты.
Оқиға 1 сәуір күні Батыс Қазақстан облысындағы Жалпақтал ауылы маңындағы Қараөзен өзенінің жағасында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қайықпен адамдарды бір жағадан екінші жағаға көшіруге көмектескен кезде болған.