Еліміздегі гидротехникалық құрылыстардың 60%-дан астамы тозған

Қазақстанда шамамен 1500 гидротехникалық құрылыс бар

Sarbaz.kz редакторы
11/04/2024 - 15:25

Фото: sapr-soft.ru

Фото: sapr-soft.ru

Қазақстанда гидротехникалық құрылыстардың 60%-дан астамы тозған. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Серік Шайдаров мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«Қазақстанда шамамен 1500 гидротехникалық құрылыс (ГТҚ) бар, оның 1000-ға жуығы – коммуналдық меншікте. Олардың көпшілігі 50 жылдан астам күрделі жөндеусіз жұмыс істеп келеді және қауіптілігі жоғары нысандар болып саналады. Бұл ретте олардың нақты тозуы 60 пайыздан асады», – дейді Шайдаров.

Шайдаров заңнамаға өзгерістер енгізуді ұсынды. Айтуынша аудандар мен қалаларға гидротехникалық құрылыстарды күтіп ұстау және пайдалану жөніндегі мемлекеттік кәсіпорындар құру құқығымен облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірдей функциялар берілуі қажет.

Гидротехникалық құрылыстар су ресурстарын пайдалану немесе объектінің белгілі бір учаскелеріне судың зиянды әсерлерімен күресу үшін қызмет етеді.

2019 жылы сенаторлар Қазақстанның гидротехникалық құрылыстарының тозуы 70 пайызға жеткенін мәлімдеген. 2023 жылдың соңында бұл көрсеткіш 25%-ға дейін төмендеді.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91