Шымкентте бір үйдің гаражынан бір қап есірткі табылды

200-ге жуық есірткі орамасы анықталды

Sarbaz.kz редакторы
11/04/2024 - 14:57

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Шымкентте бір үйдің гаражы астынан аса ірі көлемде марихуана сақталған жертөле табылды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Есірткі сатушыны қалалық полиция департаменті ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері құрықтады. Оның гаражының жертөлесінде бір қап марихуана мен 200-ге жуық есірткі орамасы анықталды.

Белгілі болғандай, жертөледе ер адам есірткіні өлшеп-орап, әрі қарай сату үшін сақтаған. Тәркіленген есірткі құралдарының салмағы 10 келіден асты, бұл аса ірі көлемге жатады. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі таңда тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

×

Редакция

$ 467.29  501.03  5.35