Жабай өзеніндегі су деңгейі көтерілген
Ақмола облысының Атбасар қаласында табиғи сипаттағы жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланды. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Елді мекенде тұрғындарға ҚР ТЖМ құтқарушылары көмек көрсетуде. Ведомство мәліметінше, Жабай өзеніндегі су деңгейі көтерілген.
Қалада 123 адам, оның ішінде 11 зейнеткер мен 29 бала эвакуацияланды. Қазір қала тұрғындарына құтқарушылар көмектесіп жатыр.