Израиль: Гуманитарлық жүк тиеген 468 жүк көлігі Газа секторына жіберілді

Соңғы үш күнде секторға 1200-ден астам жүк көлігі кірді

Sarbaz.kz редакторы
11/04/2024 - 11:45

Фото: musavat.com

Фото: musavat.com

Гуманитарлық жүк тиеген 468 жүк көлігі тексеріліп, Газаға қарай жолға шықты. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Бұл соғыс басталғалы бері бір күнде Газа секторына гуманитарлық жүк тасымалдайтын көліктердің ең көп саны», - делінген деп жазды Палестиналықтармен байланыс пен гуманитарлық көмекке жауапты израильдік Cogat агенттігі X желісіндегі парақшасында.

Соңғы үш күнде секторға 1200-ден астам жүк көлігі кірді. Бұған қоса, сейсенбі күні Газа секторына 300-ден астам жүк көлігімен азық-түлік жеткізілді. Түнде 47 азық-түлік тиелген жүк көлігі Газа секторының солтүстігіне жіберілді.

Палестинаның Египетпен шекарадағы Рафах өткеліндегі өкілі сейсенбі күні гуманитарлық көмек пен жанармай тиелген 280-дей жүк көлігінің келгенін растады.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02