Сарбаз бұл көрсеткішпен тоқтамайтынын айтады, жаттығуды жалғастырып, жаңа жетістіктерді бағындыруға ниеттеніп отыр
Балқашта өткен Қарулы күштер қызметкерлері арасындағы көпсайысты жарыста тараздық сарбаз, снайперлер взводының командирі Евгений Нам серіппеге 152 рет тартылып, жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Sarbaz.kz тілшісі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.
Оңтүстік Өңірлік қолбасшылығы сарбазды салтанатты түрде қарсы алып, ерекше қошемет көрсетті.
«Жетістігімнің ешқандай құпиясы жоқ. Рекорд орнату үшін негізі жаттығуды көп жасап, алдыңа қойған мақсатқа жету керек», - деді рекордшы Евгений Нам.
Сарбаз бұл көрсеткішпен тоқтамайтынын айтады. Жаттығуды жалғастырып, жаңа жетістіктерді бағындыруға ниеттеніп отыр.
Айта кетсек, аталған байрақты бәсекеде Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы командалық есепте бірінші орынды иеленді.