Балалар «Аяла» орталығына орналастырылды
«Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» жобасын іске асыру шеңберінде Ақтөбе облысы прокуратурасымен құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері құрамында ведомствоаралық тобы құрылды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтем жасап хабарлайды.
Мобильдік топтар ата-аналары азғындық өмір салтын ұстанатын, алкогольдік ішімдіктерді теріс пайдаланатын, сондай-ақ кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі өз міндеттерін орындамайтын отбасыларды тұрақты негізде аралайды.
«Ақтөбе қаласының прокуратурасы 5-14 жас аралығында кәмелетке толмаған балалардың анасы алкогольдік ішімдікке салынып, өз балаларын қараусыз қалдырғаны анықталды. Қалалық қадағалау органының талабы бойынша оны әкімшілік жаупкершілікке тарту үшін оған қатысты медициналық куәландыру жүргізілді.
Қазіргі таңда, барлық балалар «Аяла» орталығына орналасқан, оларға педагогикалық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетілді.
Аталған дерек бойынша балалрдың анасын ата-ана құқығынан айыруға тиісті шаралар қабылдау үшін материалдар жинақталуда. Осы бағыттағы комиссия жұмысы жалғасуда және облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында», - делінген ведомство хабарламасында.