Су басқан өңірлерге көмекке 300 теңіз жаяу әскері жіберілді

Әуе көлігімен 39 адам тасымалданды, 4 тоннадан астам жүк жеткізілді

Sarbaz.kz редакторы
10/04/2024 - 14:22

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

Су тасқынына қарсы іс шараларға қатысу үшін Ақтау гарнизонынан Махамбет ауданына 300 теңіз жаяу әскері жіберілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ҚМ ресми өкілі Руслан Жангулин мәлімдеді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

27 наурыз бен 9 сәуір аралығында іс-шараларға 3 мыңнан астам әскери қызметші, 173 бірлік автокөлік техникасы, 14 тікұшақ, 4 әскери-көліктік ұшақ жұмылдырылды. Қарулы күштердің жеке құрамының күшімен 2 359 адам, оның ішінде 745 бала эвакуацияланды. 115 тоннадан астам жүк тасымалданды.

Оның сөзінше, өткен тәулікте су тасқынына қарсы іс-шараларға 1500-ден астам әскери қызметші, 104 бірлік әскери техникасы, 3 армиялық авиация тікұшағы жұмылдырылды. Әуе көлігімен 39 адам тасымалданды, 4 тоннадан астам жүк жеткізілді.

«Солтүстік Қазақстан облысы аумақтық қорғаныс бригадасының жауынгерлері Петропавл қаласы маңындағы Заречный ауылының аймағына Есіл өзенінің бөгетін нығайту үшін 1 мыңнан астам құм дайындады, Заречный тұрғындарын эвакуациялауға қатысты. Сондай-ақ «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мамандарымен бірлесіп Петропавл қаласының маңындағы айналма жолды нығайту жұмыстарын жалғастыруда», - деді спикер.

Атырау облысының Құлсары қаласында Маңғыстау облысындағы аумақтық қорғаныс бригадасының 187 әскери қызметшісі ауысыммен бөгетті қалпына келтірумен және қаланың айналасына құм салынған қаптарды қойып, бекітумен айналысуда. Осындай жұмыстарды «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері де жүргізуде.

Мұз кептелістерін жою және су ағынын бәсеңдету үшін әскери инженерлер Құлсары қаласынан 30 шақырым қашықтықтағы Жем өзенінде жару жұмыстарын жалғастыруда. Осы уақытқа дейін барлығы 8 жарылыс ұйымдастырылды.

«Атырау облысының жедел штабы басшысының өкімімен жергілікті жер учаскелері мен елді мекендердің тұрғын алабын су басуына жол бермеу үшін Ақтау гарнизонынан Махамбет ауданына 300 теңіз жаяу әскері қызметшілері аттанда, 13 техника жіберілді», - деді Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91