Ақтөбе облысында заңсыз онлайн казино 375 млн теңге пайда тапқан

Онлайн казино ойыншылары 22-30 жас аралығындағы жастар болды

Sarbaz.kz редакторы
10/04/2024 - 12:20

Фото: Depositphotos.com / lacheev

Фото: Depositphotos.com / lacheev

Ақтөбе облысының прокуратурасы интернет казино ұйымдастыру бойынша қылмыстық істі сотқа жолданды. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аймақтық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті онлайн казино режимінде заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған және басқарған 4 адамға қатысты қылмыстыұ істі аяқтады.

«Онлайн казино ойыншыларынан тартылған қаражаттың жалпы 375 млн теңгені құрады.

Анықталғандай, онлайн казино ойыншылары 22-30 жас аралығындағы жастар болды.

Бұдан бөлек, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында қылмыстық қудалау органымен қылмыстық жолмен табылған жылжымалы және жылжымайтын мүлікті қамауға алынды.

Ақтөбе облысының прокуратурасы азаттық-ойындар «игромания» және «лудомания» сияқты ауыр аурулардың дамуына себеп болатынын ескертеді», – делінген хабарламада.

×

Редакция

$ 498.34  519.72  4.85