«Есірткі сақтаған»: бұрын сотталған адам мектепте күзетші болған

60 мектепте бейнебақылау камераларының көпшілігі жұмыс істемейді

Sarbaz.kz редакторы
10/04/2024 - 11:31

Фото: pixabay.com

Фото: pixabay.com

Жетісу облысының білім беру мекемелерінде прокурорлар 300-ден астам санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен өрт қауіпсіздігін бұзу фактілерін анықтады. Бұл туралы Sarbaz.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Тексеру барысында облыстағы 5 мектеп маңында жаяу жүргіншілер өткелдері мен «Балалар» белгілерінің болмауы сияқты инфрақұрылымдық жағдайлардың жеткіліксіздігіне ерекше назар аударылды.

Ведомство мәліметінше, Сарқан ауданы мен Талдықорған қаласындағы екі мектептің аумақтары толығымен қоршалмаған, бұл олардың аумағына бөгде адамдардың оңай кіріп кетуіне мүмкіндік береді.

60 мектепте бейнебақылау камераларының көпшілігі жұмыс істемейді, оның 170-і ғана полицияның орталық жедел бөлімдеріне қосылған.

25 мектеп мерзімі өтіп кеткен санитарлық қорытындылармен жұмыс істеген.

Кейбір жағдайларда оқушыларға жарамдылық мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмек пен азық-түлікті сақтау фактілері болған.

17 мектепте оқушылардың тыйым салынған интернет-контенттерге еркін қол жеткізу жағдайлары анықталды.

«Еңбек заңнамасының талаптарына қайшы, мектептерде бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған үш күзетші жұмыс істеген.

Мәселен, олардың бірі аса ірі көлемде есірткі сақтағаны үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сонымен қатар Кербұлақ ауданы білім бөлімінің есепшілерінің бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Барлық анықталған бұзушылықтарды жою бойынша 40 қадағалау актісі енгізілді, 135 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылса, 41-і тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ оқыңыз

×

Редакция

$ 498.51  522.84  4.81