Тасқын су салдарынан Құлсары қаласының кейбір бөлігі газдан ажыратылған

«Жылыойгаз» ЖШС мамандары кесілген газ желілерін қалпына келтіру жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр

Sarbaz.kz редакторы
10/04/2024 - 10:19

Фото: vse42.ru

Фото: vse42.ru

Атырау облысындағы тасқын су басқан Құлсары қаласының кейбір бөлігі газдан ажыратылған, деп хабарлады Sarbaz.kz.

Жылыой аудандық әкімдігінің мәліметінше, бірнеше шағын ауданда газ беру тоқтатылған.

«Құлсары қаласындағы «Атырау», «Автожолшылар», «Достық» шағын аудандары мен 2-ауыл, музей маңындағы 3 қабатты 5 үй газдан ажыратылды. Ал жер астындағы газ құбыры зақымдалып, су кіргендіктен, 4 және 6-ауылдағы тұрғын үйлердің жартысына газ қосу мүмкін болмай тұр», - деп хабарлады аудандық әкімдіктен.

Құлсары қаласының басқа аумақтарында, аудандағы барлық елдімекендерде газ штаттық режимде беріліп тұр.

«Жылыойгаз» ЖШС мамандары кесілген газ желілерін қалпына келтіру жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз

×

Редакция

$ 498.51  522.84  4.81