Олардың арасында 30 мыңға жуық бала бар
Азаматтық қорғау қызметтері бүгінге дейін су тасқыны болған өңірлерден 88 мыңға жуық адамды, оның ішінде 30 мыңға жуық баланы құтқарды және эвакуациялады. Уақытша орналастыру пункттерінде 7 мыңнан астам адам, оның ішінде 3 500 бала бар. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
Авариялық-құтқару жұмыстарына шамамен 24 мың адам және 3000-нан аса техника, 10 әуе кемесі тартылды. ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 8 млн м3 астам еріген су сорылды, 1,2 млн-нан астам қапшық және 1 млн 112 мың тонна инертті материал төселді.
«Еліміздің 8 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында жергілікті ауқымдағы 28 ТЖ әрекет етеді», - деді Ерасыл Сайпаш.