Парламент Сенаты арнайы хабарлама таратты
Парламенттің жоғарғы палатасына әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау туралы заңның қабылдануын қолдауға 5 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Бұл туралы Sarbaz.kz Сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«9 сәуірдегі жағдайға байланысты Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы заңның қабылдануын қолдау мақсатымен Сенатқа Қазақстан азаматтарынан, қоғамдық және құқық қорғау ұйымдарынан 5070 ресми өтініш келіп түсті», - делінген Сенат хабарламасында.