Telegram арқылы есірткі сатқан қылмыстық топтар ұсталды

Қазір ұйымдастырушыға іздеу жарияланды

Sarbaz.kz редакторы
09/04/2024 - 11:20

Фото: Polisia.kz

Фото: Polisia.kz

Есірткіні байланыссыз тәсілмен таратуға маманданған ұйымдасқан қылмыстық топтар Батыс Қазақстан, Абай облыстарында және Алматы қаласында құрықталды. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы және Семей қалаларында каннабис тобының есірткі заттарын сатумен айналысқан алматылық тұрғындар ұсталды. Гашиш пен марихуананы сату Telegram қосымшасы арқылы жүзеге асырылған. Топты ұйымдастырушы чат құрып, онда гашиш пен марихуананың әртүрлі сорттарының құны туралы ақпарат салып отырған. Топтың басқа мүшелері өздеріне тиісті қылмыстық рөлдерге сәйкес есірткіні заңсыз сақтаумен, дозаларға бөлумен, оларды Алматы мен Семей аумағында тасымалдаумен және жасырумен айналысқан.

Қылмыстық топқа қатысушылар қамауға алынып, ұйымдастырушыға іздеу жарияланды. Жалпы бір килограмнан астам гашиш тәркіленді.

Орал қаласында тағы бір қылмыстық топ ұсталды. Күдіктілер каннабис тобының есірткісін сатумен айналысқан. Олардан 540 грамм гашиш тәркіленді.

Топты ұйымдастырушы Telegram мессенджерінде интернет-дүкен құрып, есірткі сатуға басшылық еткен. Есірткіні өткізу интернет-дүкеннің әкімшісі және жалдамалы есірткі жасырушылар арқылы жүзеге асырылған.

Жыл басынан бері ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің қызметкерлері барлығы 20 есірткі зертханасын жойды, оның ішінде сегізінде синтетикалық есірткі әзірленген. Олардан пайдалануға дайын 129 кг синтетикалық есірткі және 390 кг прекурсор тәркіленді. Сонымен қатар 12 фитолаборатория анықталып, олардан 34,5 кг каннабис тобының есірткісі тәркіленді.

Биыл полиция алты ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, оның ішінде екеуі трансұлттық топ.

×

Редакция

$ 522.49  547.88  5.06