Қырғызстаннан келген гуманитарлық көмек Ақтөбе облысына жеткізілді

Екі елдің вице-министрлері кездесті

Sarbaz.kz редакторы
09/04/2024 - 10:42

Фото: Қырғызстан энергетика министрлігі

Фото: Қырғызстан энергетика министрлігі

Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері Қырғызстаннан келген гуманитарлық көмекті күтіп алды. Бұл туралы министрліктің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

«8 сәуірде Ақтөбе облысына Қырғызстан Республикасынан гуманитарлық көмек келді. Оны Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері күтіп алды. Вице-министр Серік Төленбергенов пен Қырғызстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің орынбасары Урматбек Шамыркановпен кездесті», - деді Ерасыл Сайпаш Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін Қырғызстан Қазақстанға су тасқынына байланысты гуманитарлық көмек жіберетіні хабарланған болатын.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4