Ресейде броньды машиналар таусылуға жақын, бір танкке 24 сарбаз мінгестіріледі – сарапшы

Украина жерінде күн сайын 100-200 ресейлік сарбаз опат болып жатыр

Sarbaz.kz редакторы
09/04/2024 - 10:18

Фото: РИА Новости Виталий Аньков

Фото: РИА Новости Виталий Аньков

Ресейде броньды машиналар таусылуға жақын, салдарынан бір танкке 24 сарбаздан мінгестіріліп жатыр. Бұл туралы Sarbaz.kz тілшісі Bild басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

BILD ашық деректерді талдау сарапшысы Юлиан Рёпке Донецк облысы Терный ауылының маңындағы жазбаларға қарап, осындай тұжырым жасады.

Видеода ресейлік танк далада үлкен жылдамдықпен өтіп бара жатыр. Оған жаяу әскер мінген. Танкке Украинаның ұшқышсыз ұшағы тигенде солдаттар жан-жаққа қаша бастайды. Есептегенде ресейлік 24 сарбаз болған.

Дәл осындай видео Авдеевканың батысындағы Бердычи ауылында да түсірілген. БМП-1 техникасына 12 жаяу әскер мініп, алға қарай жүйткіп бара жатады. Көлікке дрон соққы жасағаннан кейін тоқтап, сарбаздар қашуға тырысқан. Бірақ бәрі мерт болды.

Рёпкенің есептеуінше, Украина жерінде күн сайын 100-200 ресейлік сарбаз опат болып жатыр. Наурызда Ресей қарулы күштері 86 танк пен 260 броньды машинасынан айырылды. BILD сарапшысының пікірінше, Ресейде сарбаздарды тасымалдау үшін броньды көліктер айтарлықтай азайған. Сондықтан олар әр көлікке сарбаздарды көптеп отырғызады.

Айта кетейік, Ресей мен Украинаның бір айдағы әскери шығыны анықталды.

Тегтер

×

Редакция

$ 479.23  534.96  5.16