Құлсары қаласынан қауіпсіз аймаққа 33,6 мың адам көшірілді

Олар Ақтаудағы 17 нысанға орналастырылды

Sarbaz.kz редакторы
09/04/2024 - 09:32

Фото: Атырау облысы ТЖД

Фото: Атырау облысы ТЖД

Алдын ала болжам бойынша Құлсары қаласында 2810 тұрғын үй су астында қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz

Су тасқыны салдарын жоюға 231 бірлік техника, 1198 жеке құрам, 18 бірлік жүзу құралдары, 19 бірлік мотопомпа жұмылдырылды.

Атырау облысы Құлсары қаласынан жалпы саны 33 641 адам көшірілді және 201 уақытша орналасу орындары дайындалды.

Жалпы саны 84 қоңырау түсіп, 173 адам құтқарылды, оның ішінде 15 бала. 248 мал басы және 27 үй жануарлары қауіпсіз орындарға көшірілді.

Құлсарыдан көшірілген тұрғындар Ақтаудағы 17 нысанға орналастырылды.

Жалпы, Атырау облысынан Маңғыстауға көшірілген тұрғындар саны артып келеді.

Жаңаөзен қаласынан Құлсарыға  қосымша көмек бригадасы жөнелтілді.  

Сондай-ақ оқыңыз

×

Редакция

$ 498.51  522.84  4.81