«Еліміздің кейбір өңірінде қар, жаңбыр, бұршақ жауады»: «Қазгидромет» болжамы жарияланды

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді

Sarbaz.kz редакторы
09/04/2024 - 09:18

Фото: Sputnik

Фото: Sputnik

«Қазгидромет» РМК 9 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Sarbaz.kz

Кәсіпорын деректеріне қарағанда, еліміздің аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай күн құбылмалы болады, көбіне жаңбыр жауады.

«Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады, облыстың оңтүстік-шығыс таулы аудандарында да жауын-шашын болжануда, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Облыстың шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Тек еліміздің батысында, оңтүстік-батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады», - делінген хабарламада.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, елдің солтүстігінде көктайғақ болып, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында дауыл тұрады, бұршақ жауады.

Сондай-ақ оқыңыз

×

Редакция

$ 498.51  522.84  4.81