Ресей бір айда 200-ден аса танктен айырылды
Ресей мен Украина өткен айда қанша шығынға ұшырады? Sarbaz.kz тілшісі UA War Infographics жобасы жариялаған инфографикамен танысып шықты.
UA War Infographics – Украинадағы соғыс туралы күнделікті инфографика шығарып отырады. 2022 жылдың наурызынан бастап жұмыс істейді. Бұл визуалды контентке маманданған украиналық Top Lead компаниясының жобасы.
Наурыз айындағы статистикаға сәйкес, Украинадағы ресейлік шығындар (жойылған / тасталған / басып алынған):
Украинаның осы кезеңдегі шығыны:
Ресей тарапы көбірек шығынға ұшырағанын көруге болады.
Көрсетілген шығындар тізбесіне автомобиль, арнайы және басқа да техникалар кірмейді.
Ресейлік қызметкерлердің шығыны туралы айта келе, BBC агенттігі Mediazona жобасымен бірлесіп, қаза тапқан ресейлік әскерилердің аты-жөнін жаңартты. Сәуірде бұл тізім 50 мың адамнан асты. Тізім ашық дереккөздер негізінде жасалған, ал өлтірілгендердің нақты саны бірнеше есе көп болуы мүмкін. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, барлық расталған шығындардың 18%-ы – тұтқындар, 13%-ы – майданға аттанған еріктілер, 12%-ы – мобилизацияланғандар.
Қайтыс болған ресейліктердің ең көп бөлігі Краснодар өлкесінің тұрғындары – 1918 адам, ал өлімнің ең жоғары көрсеткіші Ресей Федерациясының жағдайы төмен субъектілерінің бірі – Тыва Республикасына тиесілі – 48,6. Яғни, өлім көрсеткіші – 16 жастан 61 жасқа дейінгі 10 000 еркекке шаққандағы саны.
Украина қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша, ресейлік тараптың 24.02.24 пен 04.06.24 аралығындағы жалпы жауынгерлік шығыны шамамен: