Ақтөбе облысында 1000-нан аса үй су астында қалып, 10,1 мың адам эвакуацияланды

Олардың арасында 4,7 мың бала бар

Sarbaz.kz редакторы
08/04/2024 - 14:28

Фото: ҚР ТЖМ

Фото: ҚР ТЖМ

Қалыптасқан су тасқыны жағдайына байланысты Ақтөбе қаласында және облыстың 6 ауданында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар жарияланды. 21 наурыздан бастап облыс бойынша еріген қар суын айдау жұмыстары жүргізілуде, нәтижесінде барлығы 1 млн 300 мыңнан астам текше метр су сорылды, 157 мыңнан астам қапшық төселді және 300 мыңға жуық тонна инертті материалдар тасымалданды. Бұл жайлы Ақтөбе облысы ТЖД ТЖ жою басқармасы бас маманы Нұрбек Оралбаев ОКҚ брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Өңірде барлығы 1061 тұрғын үйді су басты. 10 138 адам эвакуацияланды, оның ішінде 4077-сі –бала. Уақытша орналастыру пунктерінде – 1636 адам, оның ішінде 689 бала бар. 2536 адам үйге оралды,

«Тартылған күштер мен құралдардың саны – 1364 адам, 247 бірлік техника, 10 жүзу, 22 су сору құралдары қолданылып отыр. Ақтөбе облысында жедел штаб жұмыс істеп тұр.  Психологиялық көмектің жедел желісі ашылды, 230 қоңырау түсті, оның ішінде ақпараттық сипаттағы 206, психологиялық көмек бойынша 24 қоңырау түсті. Ойыл кентінің тұрғындары мен техникасын өткізу үшін понтондық өткелін ұйымдастыру Ақтөбе облысына Алматы облысынан инженерлік әскерлер келді. 6 сәуірден бастап понтондық өткел арқылы 427 адам және 400 келі азық-түлік жөнелтілді», - деді спикер.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91