Бразилия азаматы Қазақстанға жалған төлқұжатпен кірмек болған

Шетелдік азамат депортацияланды

Sarbaz.kz редакторы
08/04/2024 - 11:58

Фото: ҰҚК Шекара қызметі

Фото: ҰҚК Шекара қызметі

Бразилияның азаматы Қазақстанға жалған төлқұжатпен кірмек болған. Бұл туралы Sarbaz.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, 2024 жылғы 4 сәуірде Алматы қаласының халықаралық әуежайында ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшілері паспорттық бақылау жүргізу кезінде Бразилия азаматының жалған төлқұжатын ұсынған шетелдікті ұстады.

Аталған адамды жеке тінту кезінде аяқ киімнің табанына жасырылған жасанды төлқұжат табылды және алынды.

Нәтижесінде шетелдік азамат депортацияланды.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91