Су тасқыны кезіндегі қауіпсіздік: құтқарушылар кеңесі

Тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялық пунктерден шығуға болмайды

Sarbaz.kz редакторы
08/04/2024 - 10:57

Фото: Қорғаныс министрлігі

Фото: Қорғаныс министрлігі

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Ведомство мәліметінше, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялық пунктерден шығуға болмайды. Ескерту дабылын алған кезде көршілерді ескертіңіз, мүгедектер мен балаларға көмек беріп, нұсқауларды қатаң сақтаңыз, дейді құтқарушылар.

«Киімді, азық-түлік қорын, дәрі-дәрмектерді, құжаттарды су өткізбейтін пакеттерге алдын ала салып дайындаңыз. Барлық электр энергиясын тұтынатын техниканы ажыратыңыз, газды өшіріңіз, пештердегі отты сөндіріңіз, терезелер мен есіктерді жабыңыз», - деді ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ брифингінде.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4