Денсаулық сақтау министрлігі арнайы ережелерді жариялады
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі еліміздің бірқатар өңіріндегі су тасқыны жағдайына байланысты тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында тұрғындарды сақ болуға шақырды, деп хабарлайды Sarbaz.kz.
ДСМ тағамнан улану мен жұқпалы аурулардың алдын алу үшін бірқатар ережерді ұстануды ұсынады:
Егер жұқпалы аурулардың белгілері болса (дене температурасының жоғарылауы, жүрек айну, құсу, нәжістің босауы, тамақ ауруы, бөртпе және т.б.), бұл туралы дереу медицина қызметкеріне хабарлау қажет.