Түркия Тәжікстан азаматтары үшін визалық режимді қайтарды

«Қарапайым шетелдік паспорттары бар Тәжікстан азаматтары» үшін визасыз режимді жою туралы жарлыққа Түркия президенті қол қойды

Админ
07/04/2024 - 17:29

Markku Ulander/Lehtikuva/dpa/picture-alliance

Markku Ulander/Lehtikuva/dpa/picture-alliance

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Тәжікстан азаматтары үшін визасыз режимді жою туралы жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысы бір күн бұрын қол қойған бұл шешімді сенбі, 6 сәуірде үкіметтің ресми газеті Resmi gazete жариялады, деп хабарлайды dw.com сайты.

Қарапайым шетелдік төлқұжаттары бар Тәжікстан азаматтарының Түркияға баруы үшін визасыз режимді жою туралы шешім қабылданды. Шешім құжатта көрсетілгендей жарияланған күнінен бастап күшіне енеді, – делінген президент жарлығының мәтінінде.

Визалық режимді енгізу себептері нақты айтылмағанымен, ресейлік БАҚ мұны Тәжікстан азаматтары күдікті болып отырған Крокус Сити Холлдағы терактпен тікелей байланыстырады.

Душанбе Түркия билігінің шешіміне қатысты ресми жауабын әлі жариялаған жоқ. Енді дипломатиялық ережелерге сәйкес Тәжікстан да Түркия азаматтары үшін виза режимін енгізуге міндетті болады.

Айта кетейік, Түркия – Тәжікстаннан келетін туристер мен іскер адамдар үшін маңызды орын. «Азаттық» радиосының ақпаратынша, бір аптада елден Стамбулға алты  ұшақ ұшып отырады.

×

Редакция

$ 471.83  505.66  5.4