Украина АҚШ-тан қаруды несиеге алуға дайын – Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың әскери көмегін «өте маңызды» деп атады

Админ
07/04/2024 - 16:34

Christoph Soeder/dpa/picture alliance

Christoph Soeder/dpa/picture alliance

Украина президенті Владимир Зеленский Чернигов облысындағы қорғаныс құрылымдарын аралау кезінде 6 сәуір, сенбі күні кешке жарияланған «Біз Украинамыз» телеарнасына 52 минуттық сұхбат берді, деп хабарлайды Sarbaz.kz.

Сұхбат барысында Зеленский Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясына қатысты бірқатар мәселе көтерді. Атап айтқанда, ол америкалық қару-жарақты несиеге алуға дайын екенін мәлімдеді.

Сондай-ақ Франция президенті Эммануэль Макронның Украинаға көмек көрсету үшін франциялық әскерилерді жіберу бастамасын қолдады. Осыған қоса кезекті рет Украина Қарулы Күштерінің қарсы шабуылы үшін снарядтардың жоқтығын жеткізді. Бұған қоса Зеленский Жоғарғы Раданы Украинадағы мобилизация туралы заңды тезірек қабылдауға шақырды.

Зеленский Американың әскери көмегін «өте маңызды» деп атады.

Өкінішке қарай, Ресейдің Украинаға қарсы соғысы бүкіл әлемнің қауіпсіздігі болса да, АҚШ-тың ішкі саяси мәселесіне айналып кетті, – деді ол.

Зеленскийдің айтуынша, егер АҚШ Киевке «бүгін несиеге» немесе «бір жылдан кейін тегін» әскери көмек ұсынса, президент бірінші нұсқаны таңдайды.

Бұл жерде таңдау жоқ, көмек барынша тезірек керек, – деді президент.

×

Редакция

$ 485.11  523.82  5.02