Құлсарыда су басқан үйін тексеруге бармақ болған екі адам қаза болды

Құтқарушылар екі ер адамды тапты

Админ
07/04/2024 - 13:39

ТЖМ

ТЖМ

Бүгін 7 сәуір күні таңғы сағат 11 шамасында Атырау облысы ТЖД күшімен екі адамның денесі табылды, деп хабарлайды Sarbaz.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап. 

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылғы 6 сәуірде Жылыой ауданының Құлсары қаласында 1974 жылы туған ер адам досымен бірге  рұқсат ету құжатынсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен бара жатқанда, жолдан шығып аударылған. Іздеу жұмыстарына жеке құрамнан 3 адам және 1 жүзу құралы жұмылдырылды, – деп хабарлады ТЖМ.

ТЖМ азаматтарды су тасқыны кезеңінде өте мұқият болуға және қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, тиісті рұқсатсыз үйлер мен эвакуациялау пункттерінен кетпеуге шақырады.

×

Редакция

$ 494.87  520.65  4.91